Облыстық байқауда жеңімпаз атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 13.05.2019 10:50
- Автор: Super User
- Категория: Білім
- Қаралды: 5434
13.05.2019ж
Жуырда Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жоғары сынып оқушылары арасында «Ұстаз болғым келеді...» шығармалар байқауын ұйымдастырған болатын.
Екі айға созылған байқаудың қорытынды кезеңіне «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Л.Түркістанова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А. Башбаев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік басқармасының басшысы А.Қабдұлова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы А.Рахимова, «Өлке тынысы» ЖШС басшысы М. Жанәділов, №20 мектеп-лицейінің мұғалімі Әлия Әмірова және облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Әбдіқадыров төрағалық жасап, шынайы жүйрікті анықтады.
Осы байқауға Панфилов ауданынан қатысқан Әулиеағаш орта мектебінің оқушысы Асқар Алуа жүлделі 1 орынға ие болды. Алуа – болашақта ұстаз болуды мақсат тұтқан жас ақын. Оның осы уақытқа дейін «Жауқазын жырым – жан сырым» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Көптеген аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.
Ж.Кенжебек,
аудандық кәсіподақ филиалының маманы.