Әлемге әйгілі Әулиеағаш
- Толығырақ
- Жарияланды 08.12.2017 10:36
- Автор: Super User
- Категория: Оқырман отауы
- Қаралды: 2668
Алып ағаш. Үлкен ағаш. Әулие ағаш. Киелі ағаш. Әулиеағаш ауылының солтүстік батыс бөлігін алып жатқан, діңінің өзіне оншақты адамның құлашы жетпейтін алып ағаштың жұрт аузында жүрген атауы бұл.
750 жылдық тарихы бар осынау алып ағаштың айналасын қоршай оның үрім-бұтағы сынды біркелкі қара ағаштар қатары орналасқан.
Олардың көкке қол созған бұтақтары алып ағашқа қарай бейімделе иілген. Астына кіре қалсаңыз, жауын-шашыннан қорған болғандай.
...Жас шыбықтар көп төмен қарағаштың осынау бұтағынан көктеген иілмейді, сондықтан жел-дауылға әлек боп – сескенеді сенімсіз балтадан ғана ептеп...– деп жыр жампозы Жұмекен Нәжімеденов жазғандай, алып ағаш та қолында балтасы бар адамдардан сескенеді: кезінде алып ағаштың жуан бұтақтарына өткір балта жүзі қадалғаны да бар.
Бүгінде көпшіліктің көзайымына айналған алып ағаштың маңынан оны қызықтаған адамдар қарасы үзіліп көрген емес. Әдейі көру үшін ат арытып алыстан келетін жолаушылар да көп. Мемлекеттік маңызы бар «Жасыл ел» бағдарламасы да осы жерден бастау алып, барша ел аумағына қанатын жайып отыр. Бір сөзбен айтқанда, туған жердің табиғатына ерекше көрік қосып отырған алып ағаштың келешек күндерде туризмнің қайнар көзіне айналары да шындық.
Қ.Құсайын.