Көк Туым көгімізде желбіреп тұр
- Толығырақ
- Жарияланды 26.12.2017 05:57
- Автор: Super User
- Категория: Оқырман отауы
- Қаралды: 2581
Үлкеншыған ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Сауыт Жұмәділұлы бүгінде сексен бес жастың сеңгіріне көтеріліп отыр. Жастайынан қиындықтың ауыртпалығын бір кісідей-ақ көтерген малсақ жан әдебиет пен өнерге де бір табан жақын екен.
Жазған дүниелерін көпшілікке жария етуден қашқақтап жүрген зерделі қария күні кеше редакциямызға келіп бір топ өлеңдерін ұсынды.
Оқып көрдік. Тәп-тәуір дүниелер екен. Сол қазыналы қарияның «Көк туымыз көгімізде желбіреп тұр» деген өлеңін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Қазақстан аман бол, еліңменен,
Гүлденген орман, тоғай жеріңменен.
Еркіндік Егемендік алғаннан соң,
Қол алысқым келеді өзіңменен.
Қазақтан өзің шықтың, Нұрсұлтаным,
Жинадың құдай берген күштің бәрін,
Елімді азаттықа шығарсам деп,
Болды ма жастайыңнан ынтызарың.
Көздеген мақсатқа да жеттің міне,
Жан-жаққа бытырамай ынтымағың.
Торғайдай тозып кеткен қазағыңды,
Жинадың ынтымаққа елдің бәрін.
Жер үшін қанын төгіп жанын берген,
Арманын орындадың бабалардың,
Көк туың көк аспанда желбіреп тұр,
Аштың ғой құдай қолдап елдің бағын.
Қазақтың Астанасын жалтыратып,
Отырған құтты болсын алтын тағың!
Сауыт Үсенов.