ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Былтырғы жылы бекітілген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бүгінгі таңда кезең-кезеңмен іске асып келеді.

     Бағдарлама негізінен 2018-2022 жылдар аралығында іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға  қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.  

    Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сай бүгінде денсаулық, білім, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы т.б. салаларға ақпараттық технологиялар жаппай енгізілуде. Ол өз нәтижесін беріп те келеді. Атап өтер болсақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында интеллектуалды жүйелердің арқасында біршама шығындар қысқарған. Ал білім саласына келер болсақ, ведомство бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылдарында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні 3-сыныптың оқу бағдарламасына енгізілген болатын. 2019-2020 оқу жылдарында 4-сыныпқа, 2020-2021 оқу жылында 1-2 сыныптарға енгізу жоспарланған.

   Егерде жоғарыда аталған  бұйрық орындалар болса, мектеп қабырғасынан бастап біздің жас жеткіншектеріміз цифрлы сауатты болып, технологиялық жаңаруды еш қиындықсыз меңгеріп шығатын болады.               

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725558