«Digital Agent» мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері

Мемлекет    басшысы   Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстан-дықтардың   әл-ауқатының  өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын  арттыру» атты   Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттерді және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру,

халыққа электронды түрде берілетін қызметтер туралы мәлімет беру, электрондық цифрлық қолтаңба алу, қызмет алушыларды электронды түрде берілетін қызметтерді алу дағдыларына үйрету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі мен Жаркент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 25 қаңтарында Жаркент қаласында «Ашық мемлекет» тақырыбында мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі және «Digital Agent» мобильдік қосымшасының таныстырылымы туралы іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға 45-ке жуық адам қатысты.

   Аталған іс-шараларға Жаркент қаласы әкімі аппаратының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, ауыл шаруашылығы, білім, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

    Іс-шаралар барысында аудан тұрғындары өздеріне қажетті әдістемелік кеңестер алды. Әсіресе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, тұрғын үй қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығында қатысты  мәселелер бойынша кеңес алуға сұраныстар көп болды.

    «Digital Agent» мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызметтерді алу барысында нақты не ұнамағандығы туралы бағалауға болады. Мысалы, қызметкердің біліктілігі, кезекте күту уақыты, күту залының жағдайы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайлардың жасалмауы және т.б. бағалап, ұсыныстар мен пікірлер қалдыра аласыз. «Digital Agent» мобильдік қосымшасы жұмысты жылдам оңтайландырып, қызмет алушылардың мәселелерін қысқа уақыт аралығында шешуге мол мүмкіндіктер береді.

     Осындай іс-шаралар әрі қарай жалғасын табады.

Әсет Қасенов,

 аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтер

 мониторингі     және ақпараттық

технологиялар  

                         бөлімшесінің

 басшысы.    

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725618