Тиімділігі мен артықшылықтары
- Толығырақ
- Жарияланды 04.02.2019 04:10
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1797
01.02.2019ж
Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында ерекше айтылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін көбейту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.
Осы орайда Мемлекет басшысының қойып отырған талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2019 жылдың 23 қаңтар күні Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратында ««Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары» атты семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты - «Электронды үкімет» порталының тиімділігі мен артықшылықтарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға аппарат мамандары, округке қарасты мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылудың маңызын және электрондық мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу тәртібін түсіндірді. «Электронды үкімет» порталы туралы бейнероликтің көрсетілімі ұсынылып, жиын соңында қатысушы тараптан сауалдар жолданып, тиісті жауаптар берілді.
Жансая Мұрат,
Үлкенағаш ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы