Қолайлы өмір сүруге бастайтын үрдіс
- Толығырақ
- Жарияланды 01.03.2019 04:53
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1650
0.1.03.2019ж
Smart-өмір дегеніміз-бүкіл елді цифрландыру. Бұл жалпы бүкіл әлемнің алдында тұрған міндет. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінде ел тұрмысына дендей еніп келеді. Мұның жарқын көрінісін Алматы облысының өңірлерінен де айқын аңғаруға болады.
Қазір өңірімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы өз деңгейінде жүргізілуде.
Өткен жылы білім беру саласында бұл қадам сәтті жүзеге асты. Облыс бойынша балабақша кезегіне өтініш беруге автоматтандыру жүйесі енгізілді.
Облыс аумағында сондай-ақ «Жетісу» медициналық апараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп жатыр. Талдықорған қаласында «Ақылды жаяу жүргінші өткелі» іске қосылып отыр, бірнеше аялдама кешені орнатылған. Құқық қорғау саласы да цифрлы қызмет көрсетуге көшіп жатыр. Бұл бағыттағы «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің де атқаратын қызметі сан алуан.
Міне, осындай қарапайым еңбек адамдарының қолайлы өмір сүруіне бастайтын бұл үрдіс аудан аумағында да қолға алынып отыр. Бұл жетістік қоғамды қағазбастылықтан арылтып, бюрократияны жоюға дейін жеткізуі тиіс.
Қ.Оспанұлы.