Цифрлық сауаттылықты арттыру

22.03.2019Ж

Цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа   индустрияларды өркендетуге тиіс екенімізді үнемі басты назарға  қою керек.

             Осы бағытта елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағытын айта кетсек – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, сондай-ақ,  қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. 2019 жылдың 21 ақпан күні Жаскент ауылдық округ әкімі аппаратында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды.

            Семинар - мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың  құқықтары мен электронды мемлекеттік қызметтерді алу барысын түсіндіру мақсатында өткізілді.  Тұрғындардың  цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға аппарат мамандары мен  білім беру мекемелерінің қызметкерлері  және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаскент ауылдық округ әкімі

аппараты мемлекеттік мекемесі.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4732794