Кең жолақты интернеттің кеңістігі
- Толығырақ
- Жарияланды 29.03.2019 10:52
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1747
29.03.2019ж
-«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.
Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деді Тұңғыш Президент. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.
Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау.
2019 жылдың 15 наурыз күні Талды ауылдық округ әкімі аппаратында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың құқықтары мен электронды мемлекеттік қызметтерді алу барысын түсіндіру болып табылады.
С.Жүнісов ,
Талды ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы