Бүгінгі заманның басты талабы
- Толығырақ
- Жарияланды 19.08.2019 10:02
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1742
16.08.2019ж
Цифрландыру дегеніміз - бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан қазірдің өзінде елімізде мемлекеттік қызметтің басым бөлігі цифрлы форматқа ауыстырылып, жаңа үрдістерге сай көрсетілуде.
Тіпті ірі зауыттар мен өндіріс орындарында да ауыр жұмыстар цифрлы технологияның жемісін көріп отыр. Мұның барлығы Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың нақты нәтижесі екені сөзсіз.
Елбасымыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өз Жолдауында бұл салаға ерекше мән беріп, инновациялық және сервистік секторларды дамытудың тиімді тетіктерін анықтап берді. Соның нәтижесінде бүгінде ауданымыз бойынша көптеген игі істер жүзеге асырылып, осы салада білікті кәсіби мамандар даярлау ісі қолға алынды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу үшін аудандық әкімдік пен «Нұр Отан» партиясы тарапынан нақты жобалар да қолға алынған.
Бұл бастамалар бүгінде өз жемісін беріп отыр. Қазірдің өзінде ауданда IT сыныптары ашылып, онда жүздеген мектеп оқушылары білім алуда. Бұл көрсеткіш бойынша Алтынсарин мектебі көш бастап тұр.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданда мұғалімдер цифрлы сауаттылық бойынша оқытылды. Оқыту курстары бірнеше дағдылар бойынша өткізілді.
Цифрландыру ісі бойынша аудандық медицина саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін ерекше атап өткен жөн. Денсаулық саласындағы тағы бір басты жаңалығы-мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға айрықша мән берілуі.
Бағдат Бейсенқызы.