Электронды мемлекеттік қызмет
- Толығырақ
- Жарияланды 18.10.2019 04:19
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1649
17.10.2019ж
Қазақстан Республикасында жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.
Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағытын айта кетсек – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған.
Жуырда Жаскент ауылдық округінде «Ашық мемлекет» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты -мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың құқықтары мен электронды мемлекеттік қызметтерді алу барысын түсіндіру.
Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға аппарат мамандары, мәдениет қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысып, өз ой пікірлерін айтты.
Н.Дінмұхаметұлы,
Жаскент ауылдық округ әкімі
аппараты мемлекеттік
мекемесінің бас маманы.