Алматы облысының 425 тұрғын үйлері бұлтты бейнебақылаумен қамтылған

13.12.2019ж

2019 жылы Алматы облысының 425 тұрғын үй  бұлтты бақылау қызметін пайдаланады. Оның 370-і Талдықорғанда. Бұл туралы "Қазақтелеком" өкілдері "Jetisy Media" КММ алаңында өткен брифингте хабарлады.

 

Спикерлердің айтуынша, "Бұлтты бейнебақылау қызметін ұйымдастыру" жобасы Қазақстан бойынша кеңселер мен үй шаруашылықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан басқа, бүгінгі күні Алматы облысының 51 елді мекенінде қызметтерді жаңғырту мақсатында жалпы сомасы 308 млн.теңгеден астам желілік құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілді.

 Бұдан басқа, "Қазақтелеком" мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында өткен жылдың соңынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша "талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасын іске асыруда. Алматы облысы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кең жолақты Интернетке қол жеткізген өңірлердің біріне айналды. Жоба мемлекеттік-ішінара әріптестік тетігі бойынша іске асырылады және 410 мемлекеттік органдар мен бюджеттік сала мекемелерін: ауруханаларды, мектептерді, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарын қамтитын, ұзындығы 2 000 километрден астам, 161 АЕМ-ге дейін оптика салуды білдіреді.

 "Бүгінгі таңда құрылыс шалғайдағы ауылдық елді мекендер мен Қапшағай және Текелі қалаларында жүргізілуде. Құрылысты орындайтын мердігерлік ұйымдардың жұмыс нәтижелері бойынша жоспарланған 161 АЕМ – нің 2019 жылы 81 ауылда белсенді жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде: 21 АЕМ-де құрылыс 100% - ға орындалды, 40-тан астам АЕМ-де ішкі желілер бойынша полиэтилен құбырларын төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінгі күні қызметтерді жаңғырту мақсатында Алматы облысының 51 елді мекенінде жалпы сомасы 308 миллион теңгеден асатын желілік құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілді", - деді В2В коммерциялық директоры Дәурен Сүлейменов.

 Жалпы, телекоммуникация қызметтерін жылжыту бойынша жұмыс Алматы облысының барлық аудандарында жүргізіледі, онда тұтынушыға телекоммуникация қызметтерінің толық спектрін ұсына отырып, кеңейтілген сервис желісі бар.

 Естеріңізге сала кетейік, "талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасын іске асыру ауылда телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға, қалалық және ауылдық тұрғындар арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инновациялық қызметтерді дамыту, телемедицина мүмкіндіктеріне, онлайн-білім беруге және электрондық коммерция саласындағы қызметтерге қолжетімділікті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, филиал телекоммуникация қызметтерін дамытудың перспективалық жоспарын әзірледі - пакеттік қосу деңгейін арттыру және телекоммуникация қызметтерінің жаңа түрлерін жылжыту.   

 

          

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725592