Қандай мамандықтарға сұраныс артады?

08.05.2020ж

Індеттен кейін әлемнің сипаты өзгереді. Жұмыс күшіне деген сұраныс ауысады. Қазіргі кезде барлық елдерде медиктерге, фармацевтерге, супермаркет сатушыларына және кассирлерге, коммуналдық қызмет жұмысшыларына, жүк көлігін жүргізушілер мен таксистерге, сондай-ақ курьерлерге сұраныс артып тұр дейді Rabotanur. Kz сарапшылары.

Бүгінде көптеген салалар дағдарысқа ұшырады. Қоғамдық тамақтану, мейрамханалар ас-суды тек жеткізіп берумен ғана айналысады. Енді бармендер мен даяшылар фитнес-жаттықтырушылар, тур-операторлар, экскуршылар аса керек болмай қалды. Ұшқыштар мен азаматтық авиацияның басқа да өкілдері жұмыссыз отыр.
Бухгалтерлер, сарапшылар, басқа да кеңсе қызметкерлері де тығырыққа тірелді. Ертелі-кеш олардың орнына роботтар болады. Өйткені әлемде цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Бұл жайт дизайнерлердің, түрлі шараларды, жобаларды ұйымдастырушылардың басына да туатыны анық.
Ал визажистер, шаштараздар, маникюр жасайтын мамандар әзірге жұмыссыз. Бірақ індеттен кейін адамдар көшеде еркін жүре алатын болғанда, шаштарын алдырып, сәнденетіні анық. Сондықтан олар олар өз кезегін күтіп отыр деуге болады.
Індеттен кейін әлемде ауыл шаруашылығы мен және қайта өңдеумен айналысатындардың саны күрт көбейеді деген болжам бар. Өйткені әр мемлекет мұндай зобалаңды басынан өткергеннен кейін өзінің азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі туралы қатты ойлана бастайды. Сондықтан диқандарға, малшыларға сұраныс артуы әбден мүмкін.
Білім саласын болашақта не күтіп тұрғаны белгісіз. Сабақты онлайн өткізу оқушылар мен студенттерге қолайлы болуы мүмкін, олардың үлгерімі де көтерілер дегенмен мұндай форматта білімнің өзін-өзі ұйымдастыру сипаты төмендейді.
Аса жоғары сұранысқа ие болатын мамандық-бизнесті цифрлық трансформациялау өкілдері. Олар бизнестің осал және басым тұстарын анықтап, цифрлық нысанда қалай сәтті жұмыс істеудің жолын көрсетеді.
Д.Асауов.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725588