Интернетпен қамтылады
- Толығырақ
- Жарияланды 13.08.2020 03:36
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1469
07.08.2020ж
2020 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 99,3 пайызы кең жолақты интернетті пайдаланатын болады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
Биылғы жылдан бері елімізде 649 шалғай ауылға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылып, кең жолақты интернет қосылды. Ал 2020 жылдың соңына дейін байланыс операторлары барлығы 1250-ден астам ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ететін болады. Бұл жайлы ведомство «Ол үшін 20 мың шақырым талшықты-оптикалық желісі тартылуда. Негізі, мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жоба 2018 жылы басталған болатын. Оның басты мақсаты - 3700-ден астам мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарды кең жолақты интернетке қосу. Сонымен қатар жоба жүзеге асырыла бастағалы бері шалғайдағы 962 ауыл жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылды»,-деп хабарлады.
Өз тілшіміз.