ЖАңа технологияларды пайдалану мен дамытудағы тиімді бағдарлама

28.08.2020ж

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысымен бекітілген болатын. Содан бері күні бүгінге дейін еліміз осы бағдарламаның тиімділігі мен пайдасын көріп келеді.

Алдағы уақытта да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ел экономикасын арттыруда қосар үлесі зор болатыны анық. Олай дейтін себебіміз, 2018 және 2019 жылдардың өзінде бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 600 млрд. теңгеден асқан.
Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды еңбек биржасы бойынша 2019 жылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылып, мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды форматта ұсынылыпты. Электрондық сервистердің көмегімен алдын ала жазылу арқылы емханалардағы кезектер 30%-ға қысқартылған. Мемлекеттік бағдарламаның осындай жетістіктері өте көп. Әсіресе, дәл қазіргі елдегі ахуалға байланысты білім беру саласы мен мемлекеттік қызметтерді ұсынуда бағдарлама қарқынды іске қосылып жатыр. Оқушылар мен студенттердің қашықта білім алуына көптеген жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, электронды күнделіктер мен журналдарды пайдалану, ғаламтор желісімен көптеген аймақтардың қамтылуы, смартфондағы түрлі бағдарламалар арқылы қашықтан оқу, осының барлығы қарқынды жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді интеллектуалдық ойындар да қашықтан өткізіліп жатыр. Міне, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының осындай жетістіктерінің арқасында біраз адамдар үйде отырып-ақ табыс тауып, түрлі жұмыстарын атқарып, уақыттарын тиімді пайдалануда.
Балерке Кеңесбай.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725595