болашаққа бастар батыл қадам

02.10.2020ж

Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы - цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр.

Ең алдымен «цифрлы технология» сөзінің мағынасын ашып алайық. ХХІ ғасырда цифрлы технология, ақпаратты технология, цифрлық Қазақстан сынды сөздер барлық дерлік бұқаралық ақпарат көздеріне жариялануда. Сонымен цифрлы технология дегеніміз не? Бұл — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Көпшілікке IT атымен танымал ұғым.
Халықтың, ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің бойында «цифрлық менталитетті», цифрланған тың жағдайларда тиімді жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру аса маңызды. Біз цифрлық сауаттылықты дамытып, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыра отырып, халықты цифрлық экономикаға жаппай тартуымыз керек. Цифрлық экономикаға көшкен кезде, білім беру инфрақұрылымын жаңа қажеттіліктерге бейімдей алған мемлекеттер ғана өздерінің экономикалық ұстанымдарын барынша бекемдей алады. Зерттеулерге сай, алдағы 10-20 жылда қазіргі бар мамандықтардың жартысына жуығы қажетсіз болады.
Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Соған қарай коммуникациялар мен ақпараттық жүйелерге және көрсетілетін қызметтерге жаңа талаптар қойылуда.
Серпінді дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттер цифрлық экономиканы дамытуға белсенді түрде басымдық беруде. Бұл – жаһандық күн тәртібінің аса маңызды бағыты.
Цифрлық экономиканы қалыптастыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген елдерге тән ортақ сипат бар. Ол – инновацияны енгізуге қолайлы жағдай туғызып, цифрлық технологиялар мен инфрақұрылымға қомақты инвестиция салу болып табылады.
Жетекші елдер цифрландыру саясатына тың серпін беріп, жаңа жобаларын жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Қытай өзінің “Интернет плюс” бағдарламасында цифрлық салаларды дәстүрлі өндіріспен біріктіреді. Ал “ақылды экономика” қалыптастырып, Smart Nation тұжырымдамасын әзірлеген Сингапур болса, бизнес және сарапшылар қауымдастығын ынтымақтастыққа шақырады. Сонымен бірге Оңтүстік Корея “Креатив экономика” бағдарламасында адам капиталы мен кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ жетістіктерін таратуға баса назар аударып отыр.
Жаһандық озық тәжірибелерді қолдану халықтың өмір сапасын жақсартып, сапалы әрі жылдам қызмет алуға жол ашады. Жаңа технологиялар экономикалық өсімге, түрлі салалардың дамуына, қағазбастылықтан біржола құтылуға септігін тигізеді. Сонымен бірге қаржыны тиімді пайдаланып, ақпараттық қауіпсіздікті арттырады, “ақылды қалалар” тұрғызу жоспарын жеделдетеді. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің артуы жаңа белестерге жетелей түсері анық.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4730274