МЕМЛЕКЕТТІК—КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН БҚДАД ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ

2023-07-14


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) «Көксужылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай — Кәсіпорын) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарастырды.

 

Осы өтінішті қарау барысында Департамент кәсіпорынның монополияға қарсы органның келісімінсіз қызмет түрін кеңейте отырып, мемлекеттік қайта тіркеуден өткенін анықтады*.

Сондай-ақ, Кәсіпорынның жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (әрі қара — Қаулы) бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің Тізбесіне сәйкес келмейді.

Осылайша, Кәсіпорынның іс-әрекеттерінде, Қаулыға сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін кеңейтуге байланысты, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылығы анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департамент Кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы Нұсқама шығарды.

Аталған Нұсқама қазіргі таңда қаулыға сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін алып тастау жолымен орындалды.

Анықтама*

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (Кодекс) 192 - бабының 4-тармағына сәйкес, «өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет».

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4841322