Электронды сауда есебінің түсінігі
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 03:39
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1951
Электронды сауда туралы есеп (коды 6951104, индексі 7 Э –сауда кезеңінің жылдық есебі) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген
және электронды сауда туралы есепті жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтырумен жүзеге асырылатын мемлекеттік статистикалық есеп беру жүйесі болып табылады.
Төмендегі анықтамалар статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1.интернет-ресурс - ашық ақпараттық коммуникациялық желіде әрекет ететін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және қолдану технологиясы, сонымен қатар ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
2.көтерме сауда-жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды бөлшек сауда сатушыларға, өнеркәсіптік, коммерциялық, институционалдық немесе кәсіби пайдаланушыларға немесе көтерме сауда сатушыларға, сондай-ақ агенттер, маклерлер немесе компаниялар атынан тауарлар сатып алу немесе оларға тауарлар сату міндетін атқаратын тұлғаларға қайта сату;
3.электрондық сандық қолтаңба, солармен жасалған әрі электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгерместігін растайтын электрондық сандық нышандардың жинағы ретінде ұсынылған жеке тұлғаның өз қолының нұсқасы.
Электронды сауда есебі мемлекетіміздегі статистикалық есептің бірыңғай жүйесін жүргізудегі басты статистикалық ақпараттық жүйені қалыптастыратын статистикалық нысан болып табылады.
Б.Бекболат.