Жаңа міндеттер жүктелді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған он міндеттің ең алдыңғы бөлігінде жаңа технологияларды енгізу арқылы

индустрияландыру деңгейін көтеру міндеті тұр. Бұл міндет, ең алдымен, ел экономикасын цифрландыру арқылы жүзеге асырылмақ.

    Бұл жаңа үрдіс ел өңірлеріне де тың міндеттер жүктейді. Ауданымызда да өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл істің алғашқы аяқ алысы жаман емес. Цифрландыруға бағытталған бастамалар суармалы егістік өнімділігін бес есеге дейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ өңірде  кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруға және автоматтандыруға  бағытталған бағдарламалар да оң нәтижесін бере бастағаны белгілі болып отыр. Әрі осы арқылы өнімдерді экспортқа шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.
(Өз  тілшіміз).

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726089