Цифрлы экономикадағы бетбұрыс
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 04:48
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1915
Бүгінгі таңда елімізде 1269 елді-мекен ғана жылдамдығы секундына 512 мегабит және одан жоғары кеңжолақты интернетпен қамтылған. Қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді-мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері
технологиясы бойынша кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша 1249 ауылдық елді-мекенді 2021 жылға қарай жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Демек, ауылдық елді-мекендерді кеңжолақты интернетпен толық қамту әлі де өзекті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын ауылдық округтерде 4 деңгейлі бюджет енгізілуде, ал 2020 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жаппай енгізу көзделуде. Сондай-ақ жақын арада электрондық еңбек биржасын, электрондық денсаулық паспортын және емделушінің жеке кабинетін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұған қоса елімізде орта білім беру жүйесін реформалау процесі жүргізіліп жатыр, бұл дегеніміз электронды құжат айналымын ғана емес, оқытушылар мен оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды жаппай қолдануын қажет етеді. Ал 2020 жылға қарай біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын болуымыз қажет.
Б.Бейсенқызы.