Цифрландыру-заман талабы
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2018 10:09
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 2145
Біздің ғасыр - сандық технологиялар ғасыры. Ақпараттық технологиялар қарыштап, озық инновацияның дәуірі жетті. Мемлекетіміз озық отыз елдің қатарына енуі үшін де сандық технологияны дамыту керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында да цифрландыру мәселесіне айрықша мән берілген.
Десек те «Цифрлы Қазақстан» құру жолындағы игі бастаманы баршамыз қолдап, еліміздің қарыштап алға басуына үлесімізді қоса берейік. Себебі алдағы уақытта білім беру саласы бойынша цифрландырудың пилоттық жобасы облысымызда жүзеге асатын болады. Бұл жүйе ұстаз, оқушы және ата-ана байланысын арттыра түспек.
Сондай-ақ «электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы жүйелі жүзеге асырылуда. Электрондық күнделік арқылы ата-аналар баласының бағасын, үй тапсырмаларын қадағалауға мүмкіндік алады.
Айнұр Бағдәулетқызы,
мұғалім.
Жаркент қаласы.