Игілігі мол ақпараттық жүйе

Бүгінгі таңда Қазақстан түрлі салаларға жаңа  технологияларды  енгізу мәселесін қолға алды. Заман көшінен  қалмау үшін және әлемдік  нарықтың  сұранысы мен стандартына сай  келетін  дүниелерді шығару үшін  заманауи  тың  технологияны пайдалану уақыт талабы.

 

    «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауындағы он міндеттің барлығы да цифрландыруға негізделген.

     Еңбек және әлеуметтік саланы  цифрлы жаңғырту «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы  аясында жүзеге асырылады. Осы ретте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы  Азат Жақыбай болашақта  үш әлеуметтік қызмет, яғни жасына байланысты зейнетақы тағайындау,  барлық  зейнетақы  төлемдерімен БЖЗҚ-дан  төленетін зейнетақы бойынша құжаттарды қабылдау «бір өтініш» қағидасымен жүзеге  асырылатындығын атап өтті.

     Бүгінде «Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру» тақырыбы өз кезегінде әлеуметтік  көмекке мұқтаж жандар үшін сенімді серпін екені рас. Цифрлы технологияларды кең ауқымда  енгізу бойынша Мемлекет  басшысы  тапсырмасын  орындау мақсатында  еңбек және әлеуметтік  қамсыздандыру саласында 7 бағытта жоғарғы технологияларға негізделген жобалар қолға алынды. Азат Жапарұлының  айтуынша, электронды еңбек биржасы, еңбек келісім-шарттарын электронды  тіркеу, өзін-өзі еңбекпен қамтығандарды электронды тіркеу, бақылауды  ұйымдастыруға электронды рұқсатнама беру, электронды әлеуметтік медициналық  сараптама, әлеуметтік қызметтердің электронды  порталы, мұқтаж азаматтардың  әлеуметтік регистрі сынды жаңа жобалар болашақта бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы  қазақстандықтарды дүниеге  келген күннен бастап өмір бойы «сүйемелдемек». Сондай-ақ барлық кезеңде автоматтандырылған қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Б. Бейсенқызы .

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725927