Цифрландыру - жетістік кепілі
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2018 03:18
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1918
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы міндеттер ауыл шаруашылығы саласына да тікелей байланысты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту - қашан да Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес.
Халыққа деген қамқорлықтың жарқын бір көрінісі болып табылатын бұл кешенге салынып жатқан инвестициялар - болашағымыздың негізін қалмақ. Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты «Қамқорлық» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып келе жатқан өзім сияқты ауыл шаруашылығы саласында жүрген азаматтар мұны жақсы түсінеді деген ойдамын.
Қызылшаның отандық тұқымын өсірумен тікелей айналысып келе жатқан біздің шаруашылыққа да цифрландырудың қажеттілігі мол. Замана үрдісіне сай бүгінгі таңдағы шаруашылықты басқару мен жүргізу үшін қажетті есептілік кім-кімге де ауадай қажет. «Есептей білсең - есең кетпейді» деген емес пе?! Біздің басты ұстанымымыз да осы.
Әлен Жолдасов,
«Қамқорлық» ЖШС-ның
басшысы.