Сыммен ұшатын көліктің кереметі
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2018 05:22
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1900
Елімізде RSW Investment Group Ltd компаниясының Sky Way Invest Group сауда маркасы жұмыс істейді. Осы компанияның Панфилов ауданындағы өкілі Бексембекова Майра ханыммен тілдескенімізде, төмендегідей ақпараттар алдық.
-Майра Көпжасарқызы, ең алдымен желілі транспорт технологиясы деген ұғымға анықтама беріп өтсеңіз.
- Қазіргі күні адамзат баласы әлемді елең еткізердей соны жаңалықтың ашылуының алдында тұр. Ол — Анатолий Эдуардович Юницкийдің ойлап тапқан Sky Way (Скайвэй) желілі транспорт технологиясы, яғни сымды-рельстік эстакадалық жолдар. Онымен өнеркәсіптік, сұйық және арнайы жүктерді сағатына 120 шақырымдық жылдамдықпен 10 мың шақырым қашықтыққа дейін тасымалдауға болады. Бұл көлік үнемді, тез жүреді, ең бастысы — қашықтық пен рельефтің күрделілігіне қарамастан, кез келген территорияны басып өте алады. Дәстүрлі теміржол транспортына қарағанда, оны құрау мен күрделі жөндеуден өткізуге шығатын шығын бірнеше есе арзанға түседі.
Юницкийдің сымдық транспортының қозғалысы қазіргі күні қолданыста жүрген транспорттардың бәрімен салыстырғанда, он есеге жуық қауіпсіз. Өйткені ол бұрылмай, төтесінен тіке жүретіндіктен, жолында басқа транспорттармен, адамдармен болмаса аңдармен кездеспейді.
- Сымдық транспорттың ерекшелігі неде?
-Бұл көлік экологиялық жағынан да таза, ауаны ластамайды, себебі ол электрмен тартатын желімен жасақталған. Оны салуға қажетті жер телімі өте аз, бір тіректің алатын аумағы бар болғаны 4 шаршы метр ғана. Технологияның негізі болат рельсті бастан, болат сым бумасынан, оларды ұстап тұратын толықтырғыштан (арнайы бетоннан), оларды рельс корпусына бекіту элементінен, рельс корпусынан тұрады. Рельстің жазық басы мен цилиндрлік болат доңғалақ қозғалыс кезінде өте аз шығын кетіруді қамтамасыз етеді. Мысалы, Астана мен Алматы арасын 2 сағат 10 минутта жүріп өтуге болады. Салыстырмалы түрде Мәскеу мен Санкт-Петербург арасын әртүрлі транспорттар қанша уақытта жүріп өтетіндігін, оған шығатын жол құнын қарастыралық.
Айталық, бұл аралықты Sky Way 450 шақырым\сағат жылдамдықпен 1 сағат 40 минутта жүріп өтсе, жол құны 245 рубльді құрайды. Ұшақ 900 шақырым\сағат жылдамдықпен 3 сағатта жүріп өтеді, жол құны — 3000 рубль. Автобус 60 шақырым\сағат жылдамдықпен 10 сағат жүреді, жол құны — 1000 рубль. Пойыз 60 шақырым\сағат жылдамдықпен 11 сағат жүреді, жол құны — 800 рубль. Осының өзі-ақ жаңа көлік түрінің қаншалықты үнемді әрі жүрдек екендігін көрсетсе керек. Ал осы сымдық рельстік эстакадалық жолдарды ойлап тапқан конструктор А.Юницкий — 140 жаңалықтың авторы, 18 монография мен 200-ден астам ғылыми жұмыстар жазған. Сондай-ақ, ол жол қатынастары инженері, білікті конструктор, КСРО ғарышкерлер Федерациясының мүшесі, БҰҰ-ның екі жобасының жетекшісі.
- Sky Way технологиясын енгізу бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
-Жобаның негізгі бөлігі — ЭкоТехноПарк құрылысы компанияның акциясын сатып алып жатқан адамдардың ақшасына салынып жатыр. Құрылыс Беларусь Республикасындағы Марьина Горка қаласында 35 гектар жерде салынуда. Бүгіндері көптеген қалаларда Sky Way технологиясын енгізу бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде. Қала басшылары сымдық жолдармен ірі қалаларды — орталық агломерацияларды басқа тұрғылықты мекендермен байланыстыруды көздейді. Архитекторлар транспорттық-отыру стансаларын, басқа да инфрақұрылымдарды және сымдық транспорттарды шығаратын зауыттардың құрылысын жобалаумен айналысуда.
Сондықтан, мен өңіріміздің тұрғындарын осы жобаның инвесторлары болуға шақырамын. Оған себеп — білікті ресейлік және халықаралық сарапшылар осы жаңа транспорт түрін тәжірибеге енгізудің пайдалылығын мойындап отыр.
Олардың пікірінше, аталған транспорт жүйесі алдағы уақытта әлемдік тасымал нарығының тең жартысын жаулап алуға шынайы мүмкіндік бермек, жылдар өте келе оның жылдық айналымы триллион долларға дейін жетуі әбден мүмкін. Екіншіден, инвестиция салу арқылы кез келген адам жақын болашақта аталған компанияның акционері болып, әрі кетсе 3-4 жылдан кейін одан түскен дивиденттен тиесілі үлесін алып отыратын болады. Негізі шетелдерде, әсіресе АҚШ-та, осындай кейін пайда беретін идеяларды қолдау арқасында, 60 млн. адам миллионер қатарына кірген. Халықтың қаражатымен жаңа иедяны қолдау шетелде қалыпты жағдай. Акциядан түскен дивиденттермен өмір сүру біз үшін жаңалық. Қазақстанда «Газпром», «Қазақмыс», «Қазақтелеком», «Қазмұнайгаз» компанияларының акционерлері мұны жақсы біледі. Сарапшылардың болжамы бойынша алдағы 10-15 жылдың ішінде Sky Way-дің бір акциясы 1000 долларға дейін өсіп шығуы мүмкін. Сондықтан инвестор болуға асығыңыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Жаркент қаласы, Юлдашев көшесі, 28 «А». Телефондар: 87471808964, 87755853840, жұмыс уақыты 10.00-17.00.
- Әңгімеңізге рақмет!
Жансая Кенжебек.