Үйден шықпай-ақ тіркеле аласыз
- Толығырақ
- Жарияланды 05.05.2018 04:30
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1760
Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ мекен-жай бойынша онлайн тіркелуге болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов жария еткен болатын.
2018 жылдың 25 ақпанынан бастап «Қазақстан Республикасы азматтарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуі» қызметі авоматтандырылды.
Осыған дейін азамат мекен-жайы бойынша тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен бірге өтінішті толтырып, мұнан соң қолға түскен құжатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-на апаратын болған. Осылайша жаңа мекен-жай жеке куәліктің чипіне түсіп, бұл мәлімет ҚР ІІМ-нің базасына енгізілетін.
Ендігі уақытта еgov.kz порталына өтініш түскеннен кейін қолданушы ХҚКО-ға бармайды. Себебі, аталған мәлімет бірден ҚР ІІМ базасында жаңартылады. Нәтижесінде кез-келген қолданушы жұмыстың нәтижесін 15 минуттың ішінде тексере алады. Ол үшін еgov.kz порталындағы «Мекен-жайлық мәліметтерді тексеру» немесе «Мекен-жай анықтамасын алу» қызметін пайдалану қажет.