Цифрлы стратегия-табысты даму негізі
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2018 05:25
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 1872
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын кешенді жүргізудің арқасында 2022 жылға дейін өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі мен бәсекелестік артып, шығындар азайып, пайда көбейеді.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру негізгі бес бағыт–экономика салаларын цифрландыру, цифрлы мемлекетке көшу, цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру, адами капиталды дамыту, инновациялық экожүйені құрудан тұрады.
Жалпы алғанда, жүзеге асырылатын жобалардың толық экономикалық әсері 2025 жылы 2 триллион теңгеге жуықтайды деген болжам бар. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Президентінің жанынан цифрландыруды енгізу мәселесі жөніндегі комиссия құрылған.
Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау осы комиссияның құзырында. Еліміздегі цифрландырудың сараптамалық базасын беру ұсыныстарын әзірлеу үшін халықаралық сарапшылар кеңесі де құрылған.
Айман Саурық.