Цифрлық сауаттылықты арттыру

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты - адам капиталын дамыту мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде Холдингі» АҚ-мен бірлесіп, халықтың цифрлы сауаттылығын  арттыруға бағытталған  оқу-әдістемелік бағдарламаларды әзірледі.

      Бағдарлама бойынша еліміздің әрбір өңірінде халыққа цифрлы сауаттылықтың негізгі қағидаларын үйрету бойынша оқу курстарын өткізіп, ел тұрғындарының цифрлы сауаттылығын арттыру    жоспарланып отыр. Еліміздегі    цифрлы сауаттылық деңгейін 78,5 пайыз  көрсеткішке жеткізу үшін 500 мыңға жуық адамды мобильдік дағдылар, интернетпен жұмыс, қауіпсіздік, деректерді қорғау сияқты тағы басқа базалық компетенцияларға оқыту керек. Осыған орай бірінші маусымнан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың    цифрлы сауаттылығын арттыру үшін оқыту курстары басталды. Оқыту курстары 4 бағыттан тұрады: «Базалық цифрлы дағдылар», «Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер», «Ашық үкімет», «Электронды коммерция».

     Курстар Қазақстанның  барлық аудандарында (ауылдарда  және елді-мекендерде), мектептер  мен кітапханалар базасында өтеді.

(Өз  тілшіміз).

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725537