Цифрлы сот жүйесі
- Толығырақ
- Жарияланды 07.09.2018 05:23
- Автор: Super User
- Категория: Цифрлы Қазақстан
- Қаралды: 2222
«Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстан – 2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламалары – қоғам мен мемлекеттік құрылымның барлық саласында, оның ішінде сот бөліміне де ел мүддесіне сай биік белестерге жетуді міндеттеп отыр.
Бұған қоса прогрессивті ІТ техникаға негізделген. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қоғамның қай саласына да серпінді жүйе, жаңа тыныс беретін бағыт. Соңғы уақытта жоғарғы сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатады.
Негізінен Мемлекеттік цифрландыру бағдарламасы – бүгінгі рухани жаңғыру аясында сот білігінен қатар құқық қорғау органдары жұмыстарын да бірдей жүйелі түрде саралап, еліміздің зайырлы мемлекет болып қалыптасып, өркендеп дамуына көзге көрінбей аяққа тұсау болып, сырт көзден жасырып, бұрыннан бүркемеленіп келген құқық саласындағы қай органның да кемшілігін, осал тұстарын және кімнің де болсын қайтымы жоқ пайдасыз іс-әрекеттерін ашып көрсетіп, оны дер кезінде түзеуге мүмкіндік берері хақ.