Ел ертеңі-білімді жастардың қолында

01.02.2019ж

Жастар жылы біз үшін  үлкен сенім,  жаңа  мүмкіндіктермен келіп жетті. Елбасымыздың қай Жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келген. Биылғы жылды  «Жастар жылы» деп атауының өзі, жастар мәселесінің мәртебесі биік екендігін айқындайды.

      Жастардың білім алуы, мамандық таңдауы, рухани ұстанымдарын қалыптастыруы, қоғамда өз орнын табуы секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі-өмір заңдылығы, заман талабы. Елімізде әрбір жастың алаңсыз білім нәрімен сусындауына  барынша жағдай жасалған.Жарқын болашақтың даңғыл жолы білім мен ғылымды жанына серік еткен Қазақстанның жалынды жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне нұрлы жолмен келер күн куәгер болмақ.       

     Демек, заманның ағымымен   бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын сәттердің жеткені бәрімізге дәлел. Яғни,  қазақстандықтарға артылған мақсат пен міндеттер, соның ішінде жастарды ерекше атап өтуі,жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Ал жауапкершілікті алу-діттеген мақсаттарға қол жеткізу үшін бәріне де дайын дегенді білдіреді. Жастарға артылған сенім мен мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреміз!

    Назерке Әділетханқызы,

«Диана» медицина колледжінің

психология  негіздері

пәнінің оқытушысы.

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

booked.net