Ел үміті - білімді жастар
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2019 10:43
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 2029
11.03.2019ж
2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай 26 ақпан күні «Қазақ және ұйғыр тілдері» ПЦК-ның ұйымдастыруымен Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде «ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР»
тақырыбында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, психология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекпен ғибратқа толы сыр-сұхбат өтті.
Кездесу барысында жастардың рухани кемелденуіне, азамат болып қалыптасуына септігін тигізер ғибратты әңгімелері – бүгінгі студент жастардың тәрбиелі азамат болып өсуіне рухани азық болды. Студент жастар өздерін толғандырып жүрген тақырыптарына байланысты сұрақтар қойып, ұтымды жауаптарын ала білді.
Сыр-сұхбат кездесуіне Алматы облыстық студенттер Альянсының директоры, Сүлейман Демирель университеті Жастар саясаты бөлімінің басшысы Ванкеев Шамиль, Алматы облыстық дін істері басқармасының Панфилов ауданы бойынша теолог-инспекторы Нурақышов Күмісбек, аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшісі Нарымбаев Ерлан және Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің ардагер ұстаздары қатысты. Кеш соңы аталған колледждің өнерлі студенттерінің мерекелік концертіне ұласты.
К.Нуракишев,
теолог.