Жалын сыйлаған жастар

 09.08.2019ж

Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» жас буынға арнаған жарқын үндеуге айналды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ел жастарының ауқымды жобалары, тың идеялары мемлекет қолдауына ілікті.

Жұмыссыз  жүрген  бірқатар жастарымыз жұмысқа тұрып, мемлекет дамуына өз үлестерін қосуға кірісіп те кетті десек артық айтқандық емес.

                Кез келген мемлекетте адамның өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін үш алып күш бар, олар – білім, жұмыс және баспана екені сөзсіз. Ендеше еліміз осы үш алып күштің жанданып, дамуы тұрғысында және оны жоғары деңгейге көтеру жолындағы жұмыстарын бастап, біршама жетістіктерге жетіп келе жатқаны анық. Оның дәлелі ретінде республика бойынша барлық мектептердің бүгінгі күннің талабына сай жаңартылып, қажетті оқулықтармен 100 пайыз қамтасыз етілуі қадағаланып, жас буынға білім нәрін сіңіртіп жүрген ұстаздар қауымының дәрежесін көтеріп, білім сапасына қатаң түрде көңіл бөлініп жатқандығын атауға болады. Сондай-ақ оқу орнын бітірген жастардың жұмыспен қамтамасыз етіліп, баспаналы болулары үшін де түрлі бағдарламалар іске асып, өз нәтижелерін көрсетуде. Мемлекет басшысы да дәл осы негізгі факторларға ерекше назар аударып, олардың өзектілігіне үнемі мән беретіндігі қуантады.

                Қазақстанның үш ірі қаласына жұмыс істейтін жастарды жылына мыңға жуық пәтермен қамту, жастар бизнесін қолдауды 20 мың грантқа көтеру, жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыру, студенттік құрылыс қозғалыстарын дамыту, сонымен қатар, жас отбасыларға қолдау көрсету – бұл тек Жастар жылында ғана емес, одан кейінгі жылдары да тиімді шаралар қабылдауды талап ететін басты мәселелер болып қала бермек.

(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4730175