ХХІ ғасыр мәдениеті
- Толығырақ
- Жарияланды 07.07.2020 04:17
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 3682
03.07.2020ж
ХХІ ғасырда әлемге кең таралған мәдениет түрлерінің бірі – субмәдениет. Ол жастар арасында кең таралған. Жастардың өмір сүру дағдысы мен қызығушылығы негізінде жүзеге асады. Бүгінде жастар арасында кең таралған субмәдениет түрлері көп. Олардың қатарына эмо, геймер, аниме, готика, яппи, паркур және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Яғни, бұл топқа жататын адамдар кез келген нәрсеге эмоциямен қарайды. Олар көбінесе эмоционалды музыка тыңдағанды және қайғылы өлең оқығанды жақсы көреді. Киім үлгілері қара және күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады.
Геймер дегеніміз – компьютерлік ойынға құмарлар. Өкінішке орай, біздің елімізде бұл топқа кіретін жастар, нақтырақ айтсақ, жасөспірімдер өте көп. Әсіресе, қазір плейстейшен ойнайтын жастар Қазақстанда көп кездеседі. Сондай-ақ елімізде аниме көретін, өздерін аниме кейіпкерлерінше ұстайтын жасөспірімдер де бар. Сонымен қатар, хакерлерді де субмәдениет түріне жатқызады. Бүгінгі күндегі, міне, мәдениеттер толқыны осындай. Шынын айту керек, бұндай субмәдениетті ұстанушы жастардың психикасы бұзылған секілді. Өйткені олардың көбісі есірткіге, ішімдікке, зиянды әдеттерге құмар. Осыған қарап біз мәдениетті тек адамдардың жақсы мінез-құлықтары деп қана түсінбеуіміз керек. Сыртқы ортаға ұнамсыз кейбір топтар да мәдениет өкіліне жататын көрінеді. Мәселен, q-pop та субмәдениет түріне жатқызылады. Қазіргі жастар да, балалар да осы q-pop-ты көп тыңдайды. Қазақстан жастарының q-pop-қа қызығушылықтары соншалық, тіпті өз болмыстарын жоғалта бастады.
ХХІ ғасырдағы осындай ұнамсыз субмәдениеттер толқынын көрген кезде, кітаптардан оқыған бұрынғы мәдениетті аңсайды екенсің. Мәселен, біздің ата-аналарымыздың жас кезінде кітап оқу мәдениеті болған екен. Қазір өкінішке қарай, бұл мәдениетті жоғалтып алдық. Бұған не себеп деп ойлайсыздар?
Балерке Серікқызы.