Жастар арасында "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысушылар саны артуда
- Толығырақ
- Жарияланды 15.09.2020 03:49
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 1465
14.09.2020ж
2020 жылдың басынан бері, аудан бойынша 45 маман көтерме жәрдемақы және 35 маман тұрғын үй алу үшін несие алған. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалым Домбаев бүгінгі өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады.
Сонымен қатар, Ғалым Әділбекұлы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығына сәйкес, өзгертілгенін айтты.
Жаңа заңнамаға сәйкес, бағдарламаға қатысушыға несие теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01% мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша, тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі.
"Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады", - деп атап өтті аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.