Алматы облысында «Жастар корпусын дамыту» жобасының өңірлік форумы өтті

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «Жастар корпусын дамыту» жобасының форумы және “Үздік тәжірибе” атты көрме өтті. Аталмыш  жоба  Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.

 

 Пилоттық жоба  биылғы жылы Алматы, Павлодар, Қарағанды сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында  жүзеге асырылды. Мұндағы мақсат жастарды, әсіресе осал топтағы жандарды қоғамдық өмірге мейлінше тарту, тың идеялардың жүзеге асуына қолдау көрсету, сонымен қатар оқыту бағдарламалары арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Форумда алғаш сөз алған Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрмұхамбетов:

-        Өздеріңізге мәлім, жастарға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Мақсатың айқын болса, арманың орындалады. Осыған барынша мүмкіндік жасаған басшылыққа Жетісу жастарының атынан алғысымызды білдіреміз.

Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасы бойынша өкілі Бауыржан Едгенов жастар жобасының қоғамға тигізер пайдасы мол болатындығына және алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдіріп, пилоттық жоба өзге облыстарда да өткізу жоспарда екендігін айтты.

 Жиналған қауым форум барысында үздік жобалар таныстырылымына куә болды. Соның бірі «Психологиялық көмек көрсету» жобасы. Ол қол арбада отырған жандарға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қарттарға күнделікті тұрмыс жағдайына қажетті көрпелерді тегін тігіп, бес ай бойы таратты. Осыған дейін 30 адамға көмек керсетілді. Сондай-ақ,  жоба жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтамасыз етті.

«Жоба шілде айынан бастау алды. Осы жобаға қатысқаныма өте қатты қуаныштымын. Бұл арқылы бизнестің не екенін түсіндім. Себебі бізге берілген қаражатқа қажетті заттар алып, оны ары қарай тігіп, өңдеп, мұқтаж адамдарға таратып жатырмыз. Болашақта осы ісімді шағын бизнеске айналдырғым келеді», - деп қорытындылады «Психологиялық көмек көрсету» жобасының жетекшісі Мұхит Кыдыраханов.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net