TopIQ.kz дегеніміз не?
- Толығырақ
- Жарияланды 05.07.2023 10:12
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 1007
2023-07-05
TopIQ.kz - 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы.
Қағаз оқулық бар болса, электронды оқулықтар не үшін қажет?
Біріншіден электронды оқулықтар өте жеңіл. Барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған.
Екіншіден, электронды оқулықтар оқу кеңістігін үлкейтеді. Онда көптеген аудио, бейне материалдар бар.
Үшіншіден, электронды оқулықтар:
-Мұғаліммен оқушыны жеңіл байланыстырады.
-Өзін тексеруге арналған тапсырмаларды орындау мен оқу материалын табысты менгереді.
Бұл платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында бірегей интерактивті және мультимедиялық материалдар біріктірілген. Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Электорнды оқулық қолдануға ыңғайлы оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді.
TopIQ.kz платформасын кез келген құрылғыда, кез келген уақытта пайдалануға ыңғайлы.
Бүгінде бұл платформаны бірқатар білім ошақтары қолданысқа енгізіп үлгерген. Мұғалімдер өте жақсы пікір білдіруде. Балалар бұрын қызығушылық танытпаған оқулықтардағы кейбір материалдарды осы платформа арқылы оқып шыққан. Қазіргі заманның балалалары ақпаратты гаджет, техника арқылы жақсы қабылдайды. Ілім мен білімді қағаз кітаптан гөрі, цифрлық технологиядан алғанға бейім.
Айнур Мыханова ,
Жетісу облысы Панфилов
ауданы Жаркент қаласы
«Жамбыл атындағы орта
мектеп» КММ информатика
пәнінің мұғалімі.