Жетісу облысында 104 мыңға жуық бала жазғы сауықтыру демалысымен қамтылды
- Толығырақ
- Жарияланды 25.07.2023 11:21
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 535
2023-07-25
Жетісу облысының 103 258 бала жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысымен қамтылды. Атап айтсақ, қала сыртындағы лагерлерде 13838 оқушы, мектеп жанындағы жазғы алаңдарда 43423 бала қамтылды. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Айбол Қасенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен пресс-конференцияда бөлісті.
«Биыл облыстағы қала сыр
тындағы 8 лагерь 2 маусымнан бастап жұмыс жүргізуде. Текелі қаласында «Алтын Чажа», «Эдельвейс», «Бастау», Алакөл ауданында «Шағала», Көксу ауданында «Қарлығаш», Ескелді ауданында «Айналайын», «Көктөбе», Ақсу ауданында «Тамшыбұлақ». Жалпыға міндетті оқу қорынан балаларды жазғы сауықтыру лагерімен қамту басты назарда. Аталған санаттағы 13838 баланың 7961-і биылғы жылдың 2 маусымынан - 24 шілде аралығында қамтылды. 2023 жылдың тамыз айының 29-на дейін 5832 бала қамтылады», - деді спикер.
Спикердің мәлімдеуінше, мектеп жанындағы жазғы алаңдарда облыс бойынша 43423 бала толығымен қамтылды. Демеушілердің қолдауымен 1004 баланың 496-ы қазіргі күнде қамтылып отыр, ал қалған балалар тамыз айының соңына дейін қамтылады.
«Экскурсиялық саяхаттармен 5640 бала жалпы ұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы аясында балаларға жазғы демалыста алдын ала әзірленген маршруттар бойынша тарихи маңызы бар орындарға барып қайтты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі, жетім, аз қамтылған отбасының 50 баласы «Астана қаласының 25 жылдығына» орай елордаға экскурсия жасады.
«Балдәурен», «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығына қаңтар айының 9 нан бастап, бүгінгі күнге дейін бөлінген квота бойынша 511 бала қамтылды», - деді Айбол Батырболұлы.
Одан бөлек, Панфилов ауданы, Лесновка ауылында биылғы жылдың 26 шілдесінде «Қарлығаш» жазғы сауықтыру лагері 150 баланы 1 ауысымын бастау жоспарлануда. Оған жалпы саны 750 бала қамтылады.
Сонымен қатар Алакөл ауданы, Ақши ауылында «Жалын» жазғы сауықтыру лагері де 28 шілде күні 100 дарынды балаларға арналған оқу-жаттығу жиынын бірінші ауысыммен бастайды.