Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қарияларға алғысын білдірді

2023-10-02


Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қарияларды жылы лебізімен құттықтап, азық-түлік қоржындарын тарту етті.


Акция «Ұрпақтар сабақтастығы» мектеп жобасы аясында ұйымдастырылды.
33 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Қарттар күні жыл сайын қазан айының бірінші күні аталады.
Бүгін ата-әжелеріміз ерекше қуанды. Өйткені мереке тек солар үшін ұйымдастырылған. Оқушылардың концерттік қойылымдары, құттықтау сөздері, қызықты ойындар, осының барлығы жылы мерекелік атмосфераны тудырды.
— Мен немерелерімнің мектебіне келгеніме өте қуаныштымын. Немерелерім Тимуджин Мұхтар мен Кәусар Тоқтарбекқызы осында оқиды. Қарттар күні мерекесіне оқушылар бар ынтасымен дайындалды. Балалардың қарттарға азық-түлік себетін жинайтын акциясы ерекше қуантты, - деп өз эмоцияларымен Тимуджин мен Кәусардің апасы Майгүл Кушерова бөлісті.
Аталар мен әжелерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар балаларды тәрбиелеп қана қоймай, ұрпақ тәжірибесін, өмірдің әртүрлі қырларын көруге мүмкіндік береді.
Жарылқасын Оспанов 7-сынып оқушысы Ілияс Рахымжановтың атасы. Биыл немересі Өркен жалпы білім беру грантының иегері атанды. Бұл отбасы үшін үлкен қуаныш.
— Немерелерімнің тәрбиесіне атсалысып жатқаныма қуаныштымын. Мен төрт немеренің атасымын. Әйелім екеуміз оларды жастайынан өсірдік. Біз әрқашан мектептегі іс-шараларға белсене қатысамыз. Өскелең ұрпаққа айтар ақыл-кеңесім – еңбекқор, адал, білімді, өз елінің патриоты болыңдар, – деп Жарылқасын Оспанов өз тілегін білдірді.
Қарт адамдармен қарым-қатынас кішкентай адамның өміріндегі ең маңызды тәжірибе және ол өмір бойы өзімен бірге жүретін естелік болуы мүмкін.
— Қарттар күні – ерекше мереке. Аға ұрпақ бізге мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, отбасына, Отанға адал болуды тәрбиелейді. Бірақ, өкінішке орай, біз кейде егде адамдар үшін мемлекет тарапынан қолдау ғана емес, қарапайым көңіл бөлу де маңызды екенін ұмытып кетеміз, — дейді NIS оқушылары өз сұхбаттарында.
Назарбаев Зиткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары жыл сайын ардагерлерді, қарияларды Қарттар күнімен құттықтайды. Бұл мереке – аға ұрпақпен тілдесіп, ақыл-ойлары үшін алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725450