«...Шекараға алғысым шексіз!»

2024-06-03


   Мамыр айы басталғалы шекарашы сарбаздардың бір қатары жоғары оқу орындарының грант иегері атануда.

         Солардың бірі - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында мерзімді әскери қызметін өткерген қатардағы жауынгер Айбек Жәлел. Әскери қызметте жақсы білімімен ерекшелене білген сарбаз Орал қаласында орналасқан оқу орындарының бірінің студенті атанбақ. Қолына сертификаты тиген қуанышын жасыра алмады.

         Айбек Қажымханбекұлы:

-  Әскерге дейін Талдықорған агро-техникалық колледжінің «Мал дәрігері» мамандығын тәмамдаған едім. Міне, жоғары оқу орнына да түсуге мүмкіндік алып отырмын. Менен бұрын ата-анам қатты қуанды.  Әскери бағдарламамен грант ұтып алу да оңай болған жоқ. Жыл бойы емтиханға жіті дайындалуға тырыстым. Азаматтық тұлға ретінде жоғары оқу орнына тапсырғанда тек қана ҰБТ тестілеуінен жақсы балл жинасаң болғаны. Ал әскери өмірде сабаққа жақсы болумен қатар, спортта да алда болу керек. Белтемірге тартылып, жүгірудің нормативтерін алапқа сай орындау қажет. Дайындығымның арқасында мен мұндай сынақтардан сүрінбей өтттім. Грантқа үміттенген барлық сарбаздарға сәттілік теймін!, - дейді.

«Талпынған жетер мұратқа» демекші, оқуға түсуді арман еткен Айбек сынды сарбаздардың әрқашан да бағы жанып, грант иегері атануларына тілектеспіз!  

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846850