Жетісуда жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жобасын іске асыру жоспарлануда
- Толығырақ
- Жарияланды 17.07.2024 05:07
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 150
2024-07-17
Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы іске қосылады. Іс-шаралар кешені салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру, жастар арасында нашақорлықтың таралу себептері олардың алдын алу факторын анықтауға бағытталған. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ үйлестірушісі Ержан Даулетбаев баяндады.
«Жоба бірнеше мақсатты аудиторияға, соның ішінде мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және БАҚ өкілдеріне бағытталған. Бастама шеңберінде есірткінің зияны туралы хабарлауға бағытталған түрлі іс-шараларға кемінде 1000 адам тарту жоспарлануда. Бұл бағдарламаға буклет, брошюраларды, үлестірме материалдарды, бейнероликтерді және әлеуметтік желілердегі жазбаларды тарату арқылы 100 000-нан астам адамды қамтылады, - деп атап өтті спикер.
Облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында тақырып бойынша кемінде 20 іс-шара ұйымдастырылады. Олардың арасында дәрістер, тренингтер мен семинарлар жоспарланған. Ақпараттық материалдар ай сайын қоғамдық орындарда, базарлар мен кәсіпорындарда таратылатын болады. Жастардың назарын нашақорлық проблемасына аударуға арналған 100 арнайы плакат әзірленіп, орнатылады.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі ЖИТС және туберкулез сияқты зиянды заттар мен аурулардан аулақ болуға тарту. Іс-шараға қатысқаннан кейін жастар арасында зиянды заттарға теріс көзқарас 85%-ға артады деп күтілуде.
Салауатты өмір салтын насихаттау және халықаралық тәжірибе негізінде жастармен практикалық жұмыс жүргізу – қоғамдағы нашақорлық деңгейін төмендету жолындағы маңызды қадамдар. Бұл жоба нашақорлықпен күресуге елеулі үлес қосып, өңір жастарының өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге септігін тигізетіні сөзсіз.