Жастар ел болашағы
- Толығырақ
- Жарияланды 03.01.2025 06:53
- Автор: Super User
- Категория: Жастар
- Қаралды: 19
2025-01-03
Елбасы жастармен кездесуде елдің болашағын айқындайтын толымды ойларын тағы да ортаға салды. Мемлекет мықты болу үшін жастар білімді болып, елдің экономикасын көтеру үшін кәсіпкерлікпен мықтап айналысуы керек.
Мемлекет басшысы сол үшін инновациялық жобаларға берілетін гранттардың еселенетіндігін айтты.
Бүгінде біз сияқты жас маманға, жас отбасына баспананың жоқтығы, табыстың аздығы, нарықта бағаның күн сайын өсуі қолбайлау екені жасырын емес. Сондықтан жастарға әлеуметтік көмектің көбірек болғаны дұрыс деп ойлаймын. Әсіресе көпбалалы аналардың баспаналы болуына мемлекеттік бағдарламалар мен банктерде жеңілдіктер қарастырылса дейміз. Меніңше, әр бала дүниеге келген сайын несиенің пайыздық мөлшері төмендеп отырса үлкен қолдау болар еді. Сондай-ақ бала көбейген сайын үйді кеңейтуге тиімді жағдай қарастырылса, жастардың уақтылы демографияға елеулі үлес қосуына жол ашылар еді. Өйткені балалар өскен сайын қажеттілік артады. Осындайда бар күшіңді кәсіби жетілуге емес, тұрмыстық қажеттілікті орындауға жұмсауға мәжбүр боласыз. Тұрмыстық қиындықтар кездесе берсе жастар көкейдегі көп ойларын орындай алмауы мүмкін.
Бұған қоса кәсіппен айналысқысы келетін көпбалалы жас аналарға процентсіз несие беріліп, салықтан босатылса жас аналардың тың идеяларын жүзеге асыруына көп көмек болар еді. Жастар жылында осы сияқты ұсыныстар ескеріледі деп сенеміз.
Қарақат Талғатқызы