Өңір тынысы
Жетісу облысында құрылыс қарқынды
- Жарияланды 23.05.2023 04:25
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 416
2023-05-23
Биыл құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 47 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 365 нысанның құрылысы жұмыс жоспарына енген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айбек Нұржанов айтып берді.
Толығырақ: Жетісу облысында құрылыс қарқындыЖетісу облысында ардагерлерге шамамен 160 млн теңге төленеді
- Жарияланды 04.05.2023 08:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 465
2023-05-04
Биыл Жетісу облысында Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2309 азамат жалпы сомасы 156,7 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алады. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымызда тұратын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 1,5 млн теңгеден төленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт айтты.
«Облыста 87 402 ден артық зейнеткер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 8 адам. Соғыс жылдарындағы тылда еңбек еткен зейнеткерлер саны- 2332 адам. Бүгінде олардың барлығына қамқорлық көрсетіліп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ақшалай сыйлық және жыл басынан бергі коммуналдық қызметтер үшін 250 мың теңге төленді», – деді Ардагерлер ұйымының төрағасы.
Талдықорғанда Жеңіс күніне орай республикалық турнир ұйымдастырылады
- Жарияланды 03.05.2023 08:19
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 435
2023-05-03
Биыл Жетісу облысында Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, 7 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері әскерилері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтеді. Үздік әскерилер марапатталып, патриоттық әндерден концерттік бағдарлама ұсынылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Мади Шакенов пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Мизамбаев баяндап берді.
Толығырақ: Талдықорғанда Жеңіс күніне орай республикалық турнир ұйымдастырыладыЖетісу облысында 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды
- Жарияланды 04.05.2023 08:47
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 463
2023-05-04
Жетісу облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. Судағы адамдардың жазатайым оқиғаларын болдырмау мақсатында, демалыс аймақтарының иелерімен оқытылған құтқарушыларымен ведомстволық құтқару бекеттерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жетісу облысындағы шомылу маусымына дайындық туралы ақпаратпен облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында бөлісті.
Толығырақ: Жетісу облысында 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралдыЖетісу облысы: Наурыз айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 6,5 млн теңгені құрады
- Жарияланды 02.05.2023 08:01
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 405
2023-05-02
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова атап өткендей, наурыз айында өңір бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 6,5 млн теңгені құрады.
Республика бойынша наурыз айында түскен жарналар сомасы 66 млрд теңге.