Рухани жаңғыру

Жаңа жолға – жаңа бағыт!

Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Әр жолдауы белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталады. Елбасының биылғы Жолдауы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Бұл  Жолдауда шешілуі тиіс 10 мәселе көрсетілген.

Толығырақ: Жаңа жолға – жаңа бағыт!

Латын әліпбиін қолдаймыз

Біздің  Нәдек  орта мектеп ұжымы латын әліпбиіне  көшу туралы мәселені бірауыздан ұжым арасында  қолдап, қуаттады.       Ұжым арасында  жиналыстар өткізіліп, ұжымның пікірлері тыңдалды. Мектебіміз Ә.Қастеев атындағы мектеп ұжымымен тығыз байланысып, тәжірибе  алмастық.     

Толығырақ: Латын әліпбиін қолдаймыз

Берекелі Белжайлау

Алтын бесігіміз болған жер жанаты-Жетісу өлкесінің  шұрайлы бір аймағы саналатын Жаркент өңірінде көз  қарықтырар, сиқыры сұлулыққа толы табиғат тамашалары көп-ақ. Бүгінгі таңда демалыс аймағына өзі сұранып тұрған суы шипалы, шөбі-шұрайлы, топырағы-торқалы, ауасы-ем, көрікті жерлердің бірі-Бел жайлауы. Арқас Алатауының (Жоңғар) оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан бұл аймақ көрікті табиғатымен қоса әйгілі тарихи орын-Орбұлақ шайқасы өткен шежірелі шындықтың мерейлі мекені болып табылады. Ордың бұлағы,  Жалаулы, Орбұлақ оқпанасы сияқты жер атауларын бүгінде білмейтіндер кемде-кем.

Толығырақ: Берекелі Белжайлау

Латын тіліне көшу – заман талабы

 «Рухани жаңғыру» жобасының маңызды бағыты-латын әліпбиіне көшу. Оқу орындарында бұл бағытта  халықты қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуын хабардар етуге және жаңа әліпбиге өтіп, оны қолдануды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды құруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Толығырақ: Латын тіліне көшу – заман талабы

Маңызды құжат

   Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамға зор  сілкініс әкелді. Бұл бағдарламалық мақала ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге  құрылған.Бәсекеге қабілетті мемлекет  қалыптастырудағы  қадамымызды  нықтай  түсетін  маңызды  құжат.

Толығырақ: Маңызды құжат

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net