Өңір тынысы

Жол азабынан кұтылатын күн жақын

   Республикалық маңызы бар Қорғас  - Алматы автомагистралының тақтайдай  тегіс жолы  баратын  қашықтығыңды едәуір  қысқартады. Бұған да шүкіршілік. Әйтседе осы автобаннан  Жаркентке жеткізер жол бөлігі (Көктал мен Айдарлы ауылдары арқылы  өтетін) 30 шақырымды қамтиды.    Жол деген  аты болмаса шоқалағы көп, бұралаң - бұлтарысы мол бұл көлік дәлізінен жүріп көрген жүргіншілердің айтар өкпе – назы да көп. Міне, осы түйткілді мәселені шешудің бір тетігін аудан әкімі Темірлан Бектасов мырза тапқан сияқты.   

Толығырақ: Жол азабынан кұтылатын күн жақын

«Жырлайды жүрек»

Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Ақиық ақынның туған күніне орай Тұрпан ауылындағы «Балауса» балабақшасында қара өлеңнің құдіретін танытқан ақын өлеңдерінен бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Толығырақ: «Жырлайды жүрек»

Асқар таулар аласармайды

 Осы бір даналық сөз – көнеден келе жатқан тәлімді  тәмсіл бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған абзал ағамыз – Ғалым Тұрғанбаевқа қаратып  айтылғандай.  Алматы облысының, Панфилов, Ақсу, Көксу аудандарының «Құрметті азаматы», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендері мен  көптеген медальдардың иегері ...  Бұл тізімді тізбектеп соза беруге де болады,  әйтсе де ердің атын еліне сіңірген  елеулі еңбегі шығарады емес пе,  шаруасы шайқалып тұрған шаруашылықтар мен еңсесі еңкейген өңірлерді өркендетуге лайықты үлесін қосқан Ғалым ағамыз – қандай да марапатқа  лайықты тұлға.

Толығырақ: Асқар таулар аласармайды

Алғыс арқалаған ауыл азаматы

Үлкеншыған ауылындағы «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көп жылдан бері еңбек етіп келген Сағатәлі Қасенов еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген азамат. Өткен жылы  серіктестік 10 гектар алқапқа қызылшаның тұқымдық сортын егіп 8  тонна сапалы  тұқым алды. Қант қызылшасының элиталық тұқымын өндіруде бұл серіктестік басшысы Ә. Жолдасов өндірісті ғылыммен ұштастырып өнім сапасын арттыруда.

Толығырақ: Алғыс арқалаған ауыл азаматы

Өңірдің экономикалық әлеуеті

Жер  жанаты  Жетісудың  оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан  ауданымыздың  экономикалық-өндірістік   қуатын  ұлғайтуда  өңірімізден орын тепкен  «Қорғас-шығыс қақпасы» Шекара Маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығы мен Қорғас кедендік бақылау бекетінің, сондай-ақ Қорғас-Жетіген темір жолы магистралының, Құрғақ порт пен келешегі кемел Нұркент қалашығының өркендеп қанат жаюының маңызы алабөтен. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан мұндағы іргелі  іс-шаралардың  ертеңгі  қанат  жаяр  өрісі  көңіл  сүйсіндіреді.

Толығырақ: Өңірдің экономикалық әлеуеті

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4153811