Иман
Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті
- Жарияланды 01.08.2024 05:39
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 140
2024-08-01
Имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында жақында аттестаттау өтті. Оған 27 азамат қатысты. Олар алдағы уақытта тиісті бұйрық шыққан жағдайда аймақтың имамы жоқ мешіттеріне қызметке жіберілетін болады. Бұдан бөлек, биыл Нұр-Мүбәрәк университетінің және медресе бітірген түлектерді қызметке тарту әлі жалғасып жатыр.
Толығырақ: Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті
Назарбаев Университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі туралы дәріс өтті
- Жарияланды 16.04.2023 06:26
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 632
2023-04-16
Биыл 6 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен Декларациясы туралы Назарбаев Университетінің студенттеріне дәріс оқыды.
Толығырақ: Назарбаев Университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі туралы дәріс өттіДін мен қазақы дәстүр-салттың сабақтастығы
- Жарияланды 08.04.2022 09:47
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1048
8.04.2022
Ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ, сақтарданмын,
Дүркіретіп жердің жүзін басқарғанмын.
Дінім ислам, салт-дәстүрім, тілім де бай,
Сан ғасыр, аттап өттім асқардан мың.
Дәстүрі, діні, ділі мен тілі, территориясы мен сана-сезімдік сапасы сынды факторлар ұлттың ұйтқысы десек, осы дәстүріміз, діліміз, тіліміздің дінімізбен сабақтастығы халқымыздың қазақы қағидасына қаншалықты енгенін елестетіп көрейікші!...
Толығырақ: Дін мен қазақы дәстүр-салттың сабақтастығыСАУАП ПЕН ТӘУБЕ АЙЫ
- Жарияланды 07.02.2023 05:13
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 641
2023-02-03
Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады.
Жаратушының күллі мұсылман қауымына берген құлшылық мектебі Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір. Сауапқа толы қасиетті ай әр жылы қайта оралып, мұсылманның сабырлылығы сыналады. Ораза ұстауға ниет еткен жан таңнан ақшам уақытына дейін ас, су ішпейді. Тек ауқаттан ғана емес, тілін жаман сөзден, ойын жаман ойдан сақтайды.
«ЖИҺАД» ЖАЙЛЫ ИСЛАМ ДІНІ МЕН ЗАҢЫМЫЗ НЕ ДЕЙДІ?
- Жарияланды 08.04.2022 09:45
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1037
8.04.2022
Өзгені өлтірудің Құдайдың алдында қаншалықты қасіретке қалдыратынын айтып Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көптеген өсиеттер қалдырған екен. Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Ешқайсың бауырыңа қару кеземеңдер, өйткені, ол қолын шайтан билеп, тозақ шұңқырына түсіп қалуы мүмкін екенін білмейді», – десе, Құрани кәримнің «Ниса» сүресі 29-30-аяттарында: «Бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал, кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз», – деп ескертеді.
Толығырақ: «ЖИҺАД» ЖАЙЛЫ ИСЛАМ ДІНІ МЕН ЗАҢЫМЫЗ НЕ ДЕЙДІ?