Өңір тынысы
Алғыс арқалаған ауыл азаматы
- Жарияланды 15.02.2018 10:26
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1988
Үлкеншыған ауылындағы «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көп жылдан бері еңбек етіп келген Сағатәлі Қасенов еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген азамат. Өткен жылы серіктестік 10 гектар алқапқа қызылшаның тұқымдық сортын егіп 8 тонна сапалы тұқым алды. Қант қызылшасының элиталық тұқымын өндіруде бұл серіктестік басшысы Ә. Жолдасов өндірісті ғылыммен ұштастырып өнім сапасын арттыруда.
Толығырақ: Алғыс арқалаған ауыл азаматыАсқар таулар аласармайды
- Жарияланды 09.02.2018 04:49
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 2009
Осы бір даналық сөз – көнеден келе жатқан тәлімді тәмсіл бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған абзал ағамыз – Ғалым Тұрғанбаевқа қаратып айтылғандай. Алматы облысының, Панфилов, Ақсу, Көксу аудандарының «Құрметті азаматы», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері ... Бұл тізімді тізбектеп соза беруге де болады, әйтсе де ердің атын еліне сіңірген елеулі еңбегі шығарады емес пе, шаруасы шайқалып тұрған шаруашылықтар мен еңсесі еңкейген өңірлерді өркендетуге лайықты үлесін қосқан Ғалым ағамыз – қандай да марапатқа лайықты тұлға.
Толығырақ: Асқар таулар аласармайдыӘкімдер есебі: халық пен билік арасындағы сұхбат
- Жарияланды 05.02.2018 05:50
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1946
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында ауданымызда қаңтар айының 16-сынан 31-іне дейін барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі өтті.
Толығырақ: Әкімдер есебі: халық пен билік арасындағы сұхбатӨңірдің экономикалық әлеуеті
- Жарияланды 07.02.2018 08:15
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 2011
Жер жанаты Жетісудың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан ауданымыздың экономикалық-өндірістік қуатын ұлғайтуда өңірімізден орын тепкен «Қорғас-шығыс қақпасы» Шекара Маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығы мен Қорғас кедендік бақылау бекетінің, сондай-ақ Қорғас-Жетіген темір жолы магистралының, Құрғақ порт пен келешегі кемел Нұркент қалашығының өркендеп қанат жаюының маңызы алабөтен. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан мұндағы іргелі іс-шаралардың ертеңгі қанат жаяр өрісі көңіл сүйсіндіреді.
Толығырақ: Өңірдің экономикалық әлеуетіҰлы ерліктің ұлағаты мол
- Жарияланды 26.01.2018 03:44
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1968
Аудандық кітапхананың оқырмандар залында Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашылары Сәуле Қайрақова мен Айгүл Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен әйгілі Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ерлік ұмытылмайды» атты жиын өтті.
Толығырақ: Ұлы ерліктің ұлағаты мол