Өңір тынысы

Басқару қызметінің маңыздылығы

Наурыздың 3 жұлдызында  аудандық әкімдікте  әкімдік  мәжілісі өтіп, оған мекеме, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы және ауылдық  округ әкімдері, мамандар, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері  қатысты.

Толығырақ: Басқару қызметінің маңыздылығы

Шапағат шуағы

Ақпан айының 23 күні өңірімізге белгілі қоғам қайраткері Ғалым Тұрғанбаевпен қаладағы Луначарский және Жамбыл атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары және оқытушылары кездесу өткізді.

Толығырақ: Шапағат шуағы

Ел игілігі үшін қыруар қаржы жұмсалмақ

Жуырда Панфилов аудандық мәслихатының  кезектен тыс  30-сессиясы өтіп, онда  осы   жылға арналған аудан бюджеті  нақтыланып, бюджетке қосымша  271,6 миллион теңге қаржы  қарастырылды.Негізінен  бұл қаржы төмендегі салаларды дамытуға жұмсалады:

Толығырақ: Ел игілігі үшін қыруар қаржы жұмсалмақ

Төтенше жағдайға тыңғылықты дайындық керек

   Ақпанның 28-ші жұлдызы  күні  аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс  отырысы өтіп, оны осы  комиссияның төрағасы, аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып,  жүргізіп отырды. Күн тәртібінде: ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті 2018 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы кезеңде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы аумақтарында тасқынның өтуі, беткейлік және жергілікті ағынның қалыптасуы күтілетіні жөніндегі хабарламасындағы тапсырмасын орындау туралы; Панфилов ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы мәселелер қаралды. 

Толығырақ: Төтенше жағдайға тыңғылықты дайындық керек

Қызыл жолақтағы дүңгіршектер алынады

Адамдар көп шоғырланатын жерде тазалық пен  реттілік қажет екені баршаға аян.  Ақпан айының 20-ы күні арнайы ұйымдастырылған комиссия қала базарының айналасын аралады. Ондағы мақсат көшелердегі реттілікті қалпына келтіру еді. Ретсіз қойылған дүңгіршектерді қала көшелерінің архитектуралық ережелеріне сәйкес етіп орналастыру мақсатында оның иелеріне арнайы ескертулер жасалынды.

Толығырақ: Қызыл жолақтағы дүңгіршектер алынады

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4521102